Перейти к записям

Бейне технология

Ақпараттық технологиялар бүгінде оқу үрдісіне көптеп енгізіліп, жекелеген тақырыптар мен тұтас оқу курстары материалдарын жақсы меңгеруге көмектесе отырып, барлық салаларда қолданысқа ие болып отырғаны белгілі. Компьютерлік технологиялар педагогтар үшін де студенттер үшін де үлкен мүмкіндіктер ашуда. Оқу үрдісінде мультимедиалық презентациялар, электрондық оқу құралдары, компьютерлік бақылау бағдарламалары, тренажер-бағдарламалар, шынайы процестерді моделдеуге мүмкіндік беретін лаборатариялық практикумдар кеңінен қолданыс тауып отыр.Оқытудың тағы бір тиімді амалы – видеокурстар. Дыбыс жазылған видеомәлімет бір рет көргеннен кейін = 51% есте сақталып қалады екен, ал баспа мәтін — 9%, аудиоматериал — 17%.Видеокурстар аудиториялық және өздік сабақтарды қызықты, динамикалы әрі нанымды етіп өткізуге, ал ауқымды оқу материалын жеңіл әрі түсінікті етіп жеткізуге мүмкіндік береді.

2