Перейти к записям

it

ІТ және оқытудың инновациялық технологиялары орталығы шығармашыл әріптестерімізге арналған интерактивті тақтаны, бейнетехнологияны, вебтехнологияны қолдануды үйрететін сабақтар жинақталған жаңа сайтты іске қосып отыр.

Мұнда Сіз ActivStudio (болашақта ActivInspire, SmartNote) бағдарламалық жабдықтамасын қолдану амалдарын алгоритм түрінде берілген үлгілерін бейнесабақтарымен қоса таба аласыз.

Ал мастер-класс рубрикасында ActivStudio көмегімен құрастыруға болатын кейбір интерактивті жаттығуларды құрастыру үлгілері берілген.

Бейнесабақтар мен вебтехнологиялар тарауларынан да Сіз сабақты ауыстыру, жетілдіру, түрлендіруге байланысты жаңаша идеялар мен креативті ойлар кездестіресіз.

Сонымен қатар, мұнда әріптестеріміздің авторлық электрондық оқыту ресурстарын жинақтау да көзделген.

Сайт жаңадан ғана іске қосылып отырғандықтан оқытушыларға қажетті әрі пайдалы кеңестермен ұдайы толықтырылып отыратын болады және Сіздің педагогикалық қызметіңізге пайдасы тиеді деген үміттеміз.